Қазақстандағы биліктің сот тармағы дамуының басымдылығының маңыздылығы 2010-2020 жылдарға арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасында айқындалған. Оларға ақпараттық технологияларды пайдалануды кеңейту, сот ісін жүргізуді оңайлату, сот төрелігінің қолжетімдігін, ашықтығын және айқындығын арттыру кіреді, - деп хабарлайды Zakon.kz.
Құжаттармен жұмыс жасауда дәстүрліге (қағаз) айналған қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар мүмкіндіктеріне сай келе бермейді, әсіресе ақпараттық қызмет көрсету бөлігінде. Қазіргі кезде сот жүйесінің дамуына, соттарда заманауи ақпараттық технологияларды пайдалануға үлкен мән беріліп отыр. Бұл қоғамдық сұраныстардың өсуінен және ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуынан туындап отыр.
Республика сот жүйесінің алдына қойылған міндеттерді ескере отырып, Жоғарғы Сот бірқатар жүйелі ұйымдастыру шараларын қабылдады. Оның ішінде ерекше орын алатыны - «Сот кабинеті» сервисі.
«Сот кабинеті» арқылы 2016 жылдың 2 айында электронды түрде 68 334 құжат, оның ішінде 58 795 талап-арыз, 2 037 шағым, оның ішінде 1 528 апелляциялық, 509 кассациялық шағым және 7 502 басқа да электронды құжат берілген.
Бүгінгі таңда «Сот кабинеті» сервисінде ендігі кезекте Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес 44-бөлім «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын органның (лауазымды адамның) әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасау» және 45-бөлім «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша заңды күшіне енбеген қаулыларды қайта қарау» бойынша жаңа қызмет түрлері жұмыс істейтін болады.
Аталмыш жаңалық азаматтарға өз уақыты мен қаржысын үнемдеуге мүмкіндік береді. Азаматтар соттарға тек дайындықпен сот процесіне баруға толық мүмкіндігі бар. Сондай-ақ «Сот кабинеті» сервисі арқылы электронды түрде қосымша арыздар мен өтініштерді жолдай алады.
Фото: today.kz