Еліміздің Ата заңына сәйкес әрбір 18 жасқа толған азамат науқанға қатысып, дауыс беру құқығына ие. Жергілікті әкімдіктер қазір сайлаушылар тізімін жасап, тұрғындардың тұрғылықты жерлерін тексеруде, деп хабарлайды Алматы телеарнасы.
Жаңартылған тізімді тексерушілер 28 ақпаннан кешіктірмей, акт бойынша тапсырды. Тізімді бір тексеріп алғаннан кейін сайлау комиссиялары үй-үйді аралап, қай учаскеде дауыс беретіндігін халыққа түсіндіреді.
"28 ақпаннан әкімдіктер тиісті учаскелік сайлау комиссияларына сайлаушылардың жаңартылған тізімдерін акт бойынша берді. Осы сәттен бастап учаскелік сайлау комиссиялары тікелей сайлау учаскелеріндегі жұмысқа кіріседі. Жалпы республика бойынша 9840 сайлау учаскесі құрылды",- деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешов.
Фото: old.abai.kz