Алматыда ішімдіктерге жалған акциздік маркалар жасаған алаяқтар ұсталды

Цехта ішімдіктен бөлек, темекі өнімдеріне де жалған акциздер жасалынып, жабыстырылып келген.

Алматыда ішімдік өнімдеріне жалған акциздік маркалар жасаған алаяқтар ұсталды. Олар жасырын цехта өздері басқан маркаларды шетелден әкелінген арзан ішімдіктерге жабыстырып отырған,- деп хабарлайды Алматы телеарнасы.

Қулығына құрық бойламаған алаяқ кәсіпкерлер жасырын жолмен әкелген ішімдіктерді бірден нарыққа шығармаған. Виски, коньяк сынды алкагольдік ішімдіктерді қаладағы мейрамхана, кафелерге өткізіп отырыпты. Жалған өнімдер көбінесе Алматы мен Алматы облысына сатылып келген. Жасырын цехтің 4 белсендісі ұсталып, олардың үйін тінту барысында 70 мың доллардың тауары тәлкіленді.

"Төртеудің үйін тексеру барысында жалған акциздер, ішімдіктер табылды. Оның сыртында акциздерді шығаратын машинкалар да табылды. Қазір акцизді тексеретін сараптамалық комиссия тағайындалды",- деді Алматы қаласы МКД бөлім басшысы Бекен Нұрахметов.

Цехта ішімдіктен бөлек, темекі өнімдеріне де жалған акциздер жасалынып, жабыстырылып келген. Бұл қалада тіркеліп отырған бірінші оқиға емес. Соңғы бір жылда Алматыда ішімдіктерді мыңдаған бөтелкемен шығарып келген қырыққа жуық жасырын цех анықталған еді.

Фото:almaty.tv

Актау Актобе Алматы Кызылорда Нур-Султан Семей
Следите за новостями zakon.kz в: