1 наурыз күні түске дейін «ҚР БҒМ ҰК СТӘЭ» ММ-ның сейсмикалық стансаларының желісі екі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алматы уақытымен сағат 09:20-да Алматы қаласының шығысында 286 км жерде Қазақстан аумағында жер сілкінді. Жер сілкінісінің энергетикалық сыныбы - 8,8, магнитудасы - 3,7. Тереңдігі - 20 шақырым.
Арада біраз өткен соң, сағат 11:05-те тағы бір жер сілкінісі тіркелді. Оның ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 291 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық сыныбы - 9,5, магнитудасы - 4,1. Тереңдігі - 5 шақырым.
Екі оқиғада да Алматыда жер асты дүмпуі сезілген жоқ.
Фото: bnews.kz