Қазақстан халқы Ассамблеясының қайырымдылық қорын құрған жөн - Н.Назарбаев

Бұл күнді қайырымдылықтың айрықша шараларымен және мұқтаж жандар мен жақындарға қолдау көрсетумен атап өткен маңызды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының қайырымдылық қорын құрған жөн. Бүгін ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасында Алғыс айту күніне арналған іс-шара барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді, -деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекет басшысы өз сөзінде бейбітшілік пен келісімнің қазақстандық тәжірибесі негізінде болашағы бір тұтас ұлт қалыптасатындығын атап өте келе, Алғыс айту күні 1 наурызға белгіленуі әділетті шешім болғанын баса айтты. Өйткені, дәл осы күні Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылғанын еске салды.

«Бұл күнді қайырымдылықтың айрықша шараларымен және мұқтаж жандар мен жақындарға қолдау көрсетумен атап өткен маңызды. Осыған байланысты Ассамблеяның арнайы қорын құру жақсы болар еді. Сол арқылы олар қолдау көрсете алады. Әрбір ауылдағы, қала мен аудандағы әлеуметтік маңызы бар мәселерді шешу акцияларының айрықша құндылығы бар», - деді Мемлекет басшысы.

Марлан Жиембай

Фото: 24.kz

Следите за новостями zakon.kz в: