ОҚО Полицейлері баукеселікпен айналысқан қылмыстық топты құрықтады. Жеңіл жолмен табыс табуды көздеген ұрыларды ұстауға тұрғындардың арыз шағымдары түрткі болған. Бүгін де халықты белшеден шығынға батырғандардың үстінен қылмыстық іс қозғалып тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды tvk-uko.kz.
Ағымдағы жылдың қаңтар айында Ордабасы аудандық ІІБ-нің кезекші бөлімшесіне 37 жастағы жергілікті тұрғын шағымданған. Азаматша өз арызында 18 бас жылқысын белгісіз біреулердің қолды қылып кеткенін көрсеткен. Жедел іздестіру шараларына кіріскен полицейлер күдікті ретінде 3 адамды қолға түсірген. Ұсталғандар 23 пен 27 жас аралыңындағы Ордабасы, Сайрам, Төлеби аудандарының азаматтары. Анықтау жұмыстары кезінде олардың бірі бұрын сотты болғаны белгілі болған. Ұрылар арамы ойларын түнгі уақытта іске асырып отырыпты.
"Үшеуміз ауылға көкпарға бардық. Көппардан қайтып келе жатып жолда жайылып жүрген жылқыларды көрдік. Түнгі сағат 2 шамасында сол жылқы тұратын қораға бардық. Жылқыларды қорадан шығарып, Жаңаталап ауылына қарай айдап кеттік. Аталған ауылдағы қораға апарып қамадық", дейді күдікті.
Баукеспелер ұрланған жануарларды көрші елді мекенге өткізіп отырған. Одан түскен ақшаны өз қажеттеріне жаратып келіпті.
"Азаматтардың үстінен ҚР ҚК 188 бабы 4 тармақшасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ары қарай тергеу әрекеттері жалғасуда", -дейді ОҚО ІІД Ордабасы аудандық ІІБ басшысының орынбасары Жасұлан Нысанбаев.
Полицейлер олардың 3 мал ұрлық оқиғасына қатысты екенін анықтаған. Тұрғындарға келтірілген шығын шамамен 3 млн теңге. Ұсталғандардан айғақтық зат ретінде автокөлік тәркілеген.
Қанат Байсов
Фото: crimyakutia.ru