Тәртіп сақшылары науқастардың алғысын алды. Алғыс айту күніне орай құқық қорғау қызметкерлері де игі шараға ұйтқы болды. Қалалық жергілікті полицияның бастығы Данияр Мейірхан бастаған 136 қызметкер бүгін тегін қан тапсырды, -деп хабарлайды otyrar.kz.
Қайырымдылық шараны қолға алған мамандар осылайша қажетті қан тапшылығын болдырмауға үлес қоспақ. Қан тапсыру орталығы мамандарының айтуынша, мұндай игі бастамалар қаламызда жиі өтіп тұрады және бұл қуантарлық жағдай. Полиция қызметкерлері тек бір күннің ішінде 60 литрге жуық қан тапсырып отыр.
Фото: otyrar.kz