Жоғарғы оқу орнын бітіре сала №151 мектепке жұмысқа орналасқан қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Динара Қожахан оқушыларына осындай жаза қолданған екен. Ол сабаққа кешіккендерді ғана емес, үй тапсырмасын орындамаған оқушыларды да осылайша тәртіпке шақырыпты, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Бұл бейнежазба ғаламторда тараған соң 21 жастағы ұстаз өз еркімен жұмыстан кету туралы өтініш жазған. Ал тексеріс жүргізген білім бөлімі мектеп директорына ескерту жасап, оның орынбасарына сөгіс жариялаған. Қазір қатал мұғалімнің ісімен тәртіп сақшылары айналысуда.
«Қазіргі таңда Қожахан Динараға қатысты іс құқық қорғау орындарында қаралып жатыр. Жас маман болған соң, ағаттық кеткен шығар деп ойладық. Бұдан кейін мұғалім болып жұмыс істей алмайды. Басқа мамандыққа ауысатынын бізге ескертіп айтты», - дейді Алатау аудандық білім бөлімінің бас маманы Патшагүл Алмағамбетова.
Фото:www.andythornton.com