Алматыда Алғыс айту күні дүниеге келген сәбилерге сыйлық берілді

Мерекеде Алматылықтардың саны ондаған адамға көбейді. Қаладағы бір перзентхананың өзінде 6 сәби дүние есігін ашты.

Есмағамбетовтар отбасы екінші нәрестесін 3 жыл бойы күткен. Отбасылық қуаныш дәл Алғыс айту күніне дөп келді. Жас отбасының қуанышында шек жоқ. Дүние есігін ашқан нәрестеге Ақылбек деп ат қойыпты, деп хабарлайды Алматы телеарнасы.

"Мейрам күнімен барлықтарыңызды құттықтаймын. Барлық ата-ана осындай қуанышқа бөлене берсін! Барлығыңызға алғыс айтамын",- деді жас ана Гүлнұр Есмағамбетова.

Алматыдағы №1 қалалық перзентхананың өзінде 6 сәби дүние есігін ашты. 3 ұл бала, 3 қыз. Наурыздың алғашқы күнінде туылған нәрестелерге құзырлылар сыйлықтар табыс етіп, аналарын құттықтады.

"№1 перзентханада 6 бала дүниеге келді. Осындай мейрамда туылып жатқан сәбилер мен олардың аналары үшін үлкен мәртебе деп ойлаймын",- деді Алматы қ. №1 қалалық перзентханасы бас дәрігерінің орынбасары Сәуле Жаманбаева.

Есептерге жүгінсек, өткен жылы Алматы қаласында 42 мың нәресте дүниеге келіпті. Оның 7-уі үшем, 520-сы - егіз балалар. Ақ халатты абзал жандардың сөзіне сенсек, шаһарда тәулігіне 100-ден аса шақалақ өмірге келеді екен.

Азамат Әуезхан, Мұрат Тайжан

Фото: topwar.ru

Актау Актобе Алматы Кызылорда Нур-Султан Семей
Следите за новостями zakon.kz в: