Ақтөбе облысында 2016 жылы «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына 1,8 млрд теңге бөлінеді

Бұл туралы «Ақтөбе Ақпарат» орталығында өткен баспасөз мәслихатында облыстық экономика жне бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Рузия Айданшева хабарлады.

Oблыстық экономика жне бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Рузия Айданшева айтуынша, «Бизнестің жол картасы - 2020» бірегей бизнесті қолдау және дамыту басдарламасы аясында 2015 жылы 3,8 млрд. теңге бөлінген. Қаражат облыс аумағында индустриалды аумақ құруға, сонымен бірге, жеке кәсіпкерлік нысандарына инженерлік инфрақұрылым тарту бойынша жобаларды жүзеге асыруға бағытталған, -деп хабарлайды Zakon.kz.

"Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша 2015 жылы 2547 адам жұмыспен қамтылған, олар 39 әлеуметтік нысанды жөндеу жұмыстарына жұмылдырылды, 454 ауыл тұрғынына 854,2 млн.теңге көлемінде несие берілді, 912 жұмыссыз жас азамат жастар тәжірибесіне жолдама алды", - деді Рузия Айдашева.

Биыл «ЖҚЖК - 2020» бағдарламасын жүзеге асыруға 1,8 млрд.теңге бөлінді, оның 719,4 млн.теңгесі 14 білім нысанына, 3 денсаулық сақтау нысанына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізге жұмсалады. Бұл қаражаттан өзге республикалық бюджеттен 32 әлеуметтік нысанды жөндеуге шамамен 1,5 миллиард теңге бөлінеді деп күтілуде.

"Ауыл аймақтардағы кәсіпкерлік бастамаларын шағын несиелендіру мақсатында 500 млн.теңге қарастырылады деп жоспарланып отыр. Сонымен бірге біздің облыс шағын несиелендірудің пилоттық жобасына енгізіліп отыр. Оған сәйкес, шағын несие мөлшері 3 миллион теңгеден 6 миллион теңгеге дейін ұлғайтылады", - деді Айдашева БАҚ өкілдеріне.

Тұрғындарды оқыту және көшіруге ықпал ету үшін 661 миллион теңге көлемінде қаражат қарастырылып отыр.

Следите за новостями zakon.kz в: