Мемлекет басшысы Locus Solutions компаниясының Директорлар кеңесінің төрағасы, Ganeden Biotech атқарушы директоры Эндрю Лефковитцті қабылдады, -деп хабарлайды Zakon.kz, Ақорданың баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйеніп.
Кездесуге Locus Solutions Директорлар кеңесінің мүшесі Джон Риа және Locus Solutions аға вице-президенті Кеннет Әлібек те қатысты,
Әңгіме барысында компанияның Қазақстандағы қызметі және компания әзірлеген, ауыл шаруашылығы мен мұнай-газ саласында өнімділікті айтарлықтай ұлғайтуға мүмкіндік беретін технологияларды қолдану мәселелері талқыланды.
Фото: www.akorda.kz