Астана прокуратурасы 2016 жылдың 2 айында мемлекеттік бюджетке 1 019 269 300 теңге салды

Прокурорлармен 2016 жылы барлығы 61 талап арыз енгізілді (2015 жылы 65 талап арыз енгізілген), соның ішінде 32 талап арыз қарастырылды, ал 29 соттарда қарастырылуда.

Астана қаласының прокуратурасымен 2016 жылдың 2 айы ішінде прокурорлық әсер ету шараларымен мемлекеттік бюджетке 1 019 269 300 теңге түсім қамтамасыз етілді, деп хабарлайды zakon.kz, Астана қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі берген мәліметке сүйеніп.

Көрсетілген сомманың басым бөлігі жалған кәсіпорындардың мемлекеттік тіркеуінің күшін жою бойынша прокурорлардың түсірген талап арыздарыжәне салық міндеттемелерінің күшін жою бойынша прокурорлардың түсірген ұсыныстары бойынша жүргізілген жұмыстар шегінде өндірілді.

Прокурорлармен 2016 жылы барлығы 61 талап арыз енгізілді (2015 жылы 65 талап арыз енгізілген), соның ішінде 32 талап арыз қарастырылды, ал 29 соттарда қарастырылуда.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғастырылуда.

Сонымен бірге, қоршаған ортаны қорғау аясында да нұқсан келтіру фактісі анықталды.

Нақты алғанда, 2016 жылдың 28 қаңтарында Астана қаласының экология департаментіне «Астана-Энергия» АҚ-ның қызметінде анықталған бұрмалаушылықтарға шара қолдану жөнінде ұсыныс енгізілді.

Железнодорожный кентінде орналасқан қазандық бөлмесінде қоршаған ортаға шығарылатын эмиссия нормативтерінің шамадан тыс асуы анықталған және 1 990 705 теңге көлемінде нұқсан келтірілген.

Прокурордың актісі нәтижесінде аталған нұқсан ағымдағы жылдың 15 ақпанында өтелген, «Астана-Энергия» АҚ Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 328, 332 баптары бойынша 1 404 237 теңге көлемінде айыппұл төлеп жауапкершілікке тартылған. Жалпы кіріс соммасы 3 394 942 теңгені құраған.

Осы тексерістің аясында 2 ұсыныс енгізілген (Астана қаласының әкімдігіне және «Астана-Энергия» АҚ-на), 7 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Фото:astana.prokuror.kz


Следите за новостями zakon.kz в: