Технологияларды коммерцияландыру бағдарламасы аясындағы өнім 900 млн теңге деңгейіне жетті

Жоба аясында 1500 өтінімнің ішінен 65 жоба қаржыландырылған

«Технологияларды коммерцияландыру» жобасы аясында Қазақстан ғалымдарының 65 жобасына қолдау көрсетіліп, олардың 40-ы жалпы 900 млн теңгеден астам сомаға дайын өнім сату деңгейіне жетті, деп мәлімдеді «Технологияларды коммерцияландыру» жобасын басқару тобының директоры Данияр Досқараев, деп хабарлайды zakon.kz, жарияланған ақпаратқа сүйеніп.

«Технологияларды коммерцияландыру» бағдарламасы ҚР Үкіметі мен Дүниежүзілік банкі арасында займ туралы келісім аясында ҚР Білім және ғылым министрлігімен жүзеге асырылды. Осы жобаның аясында ғылыми зерттеулер мен зерттемелерді коммерцияландыру кезінде ғалымдар мен зерттеушілерге қолдау жасалды», - деді Д.Досқараев.

Ол жоба аясында 1500 өтінімнің ішінен 65 жоба қаржыландырылғанын айтып өтті.

«Аға және кіші ғылыми қызметкерлер топтары үшін екі грантты бағдарлама жүзеге асырылып, оның нәтижесінде 65 жобаға қолдау көрсетілді. Бұның ішінде 40 жобаның жұмысы нәтижесінде жалпы сомасы 900 миллион теңгеден астам дайын өнімді сату деңгейіне қол жеткізілді», - деді жоба өкілі.

Ол сондай-ақ коммерцияландыру жүйесін одан әрі дамыту үшін «100 қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» Заң қабылданғанын айтып өтті.

Осылайша, инновацияларды өнеркәсіпке енгізу бойынша жұмыстарды және ғылыми гранттар мен бағдарламалар құрылымдарын елдің индустриялық-инновациялық даму қажеттілігіне орай қайта бағыттауды қосымша қаржыландыру жүзеге асырылады.

Жоба шеңберінде келесі 5 компоненттер жұмыстары іске асырылады.

«Инновациялар бойынша білім базасын дамыту» бірінші компоненті аясында коммерциялық әлеуеті бар жоғары сапалы ғылыми зерттеулер жүргізу мақсатында ғылыми топтардың жобаларын қаржыландыру қарастырылған», - деді Д.Досқараев.

«Инновациялық консорциум» екінші компоненті аясында нарықтың нақты қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ғылымды, өндіріс пен мемлекетті біріктіру арқылы консорциумдар құру қарастырылған.

«Технологияларды коммерцияландыру циклын нығайту» үшінші компоненті аясында венчурлық қорын құру, мәміле ағынын қалыптастыру үшін брокерлік қызмет; шетелдегі технологиялар трансферті кеңсесін құру, технологияларды коммерцияландыру кеңселерінің әлеуетін көтеру жоспарланған.

Бұдан өзге, «Ұлттық инновациялық жүйені үйлестіруді нығайту, және бұрыннан бар институционалдық құрылымдарының әлеуетін арттыру» дамудың ұлттық инновациялық жүйе мәртебесі мен перспективаларын талдау үшін аналитикалық орталық құру, жобаның тиімді және табысты жүзеге асуы үшін жауапты, жобаны басқару тобының қызметі қарастырылған.

«Жобаның негізгі күтілетін нәтижелері ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты одан әрі дамыта беруге жылдамдату циклы, технологияларды коммерцияландыруды ілгерілету және осы саладағы адам капиталын арттыру арқылы ұлттық инновациялық жүйелерді нығайту, экономиканың бәсекеге қабілеттілігін ұлғайтуға мүмкіндік береді», - деп түйіндеді Д.Досқараев.

Фото: expertonline.kz

Следите за новостями zakon.kz в: