«Эйр Астана» ұшқышы есірткімен ұсталды

Еске сала кетсек, бұған дейін БАҚ-та компания ұшқышы Мәскеуде есірткімен ұсталды деген ақпарат жарияланған болатын.

«Эйр Астана» ұшқышы есірткімен ұсталды. Мұны компаниясының баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады. Олардың берген мәліметінше, қазір Роман Быков әуе компаниясынан шығып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Иә, ондай жағдай болды. Әуе компаниясында ұшқыштар мен қызметкерлердің есірткі пайдалануына тыйым салынған. Мұнда қызметкерлерден қан талдауы, алкоголь немесе есірткіге тексеріледі. Роман Быков қазір әуе компаниясында жұмыс істемейді. Ол есірткі табылған соң бірден жұмыстан шыққан», - деді компания өкілі Тілек Әбдірахимов.

Еске сала кетсек, бұған дейін БАҚ-та компания ұшқышы Мәскеуде есірткімен ұсталды деген ақпарат жарияланған болатын.

Гүлмира Ғосманәли

Фото:abilet.kz

Следите за новостями zakon.kz в: