ҚР Қорғаныс министрі ҚР аумағында өтетін Армия халықаралық ойындарына дайындықты тексерді

«Мерген шебі» байқауына әрбір мемлекеттен 7 адамнан тұратын команда, оның ішінде 3 мергендік жұп қатысады.

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов «Отар» әскери базасының аумағында «АрМИ-2016» Армия халықаралық ойындарын өткізуді ұйымдастыру жөнінде көшпелі кеңес өткізді, - деп хабарлайды Zakon.kz, ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйеніп.

Биылғы жылдың жазында әртүрлі мемлекеттердің Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің далалық, әуе және теңіз дағдысы бойынша Армия халықаралық ойындарының 23 байқауының өткізілуі жоспарланған. Ойындар Қазақстан мен Ресей Федерациясының аумағында алғаш рет өтеді.

Елімізде «Артиллериялық атыс шебері» және «Мерген шебі» атты 2 байқауды өткізу жоспарлануда. Әскери қызметшілеріміз барлық аталымдарда, нақтырақ айтсақ, 21 конкурста ұсынылады.

Сайысты өткізу орнында иректүтік, мина-жарылғыш қоршауы, оба, жолтабан көпірі іспетті кедергілері бар қашықтықығы 2 шақырым артиллерияшылардың байқауын өткізу үшін даңғыл жолдың, сондай-ақ мергендік винтовкадан, тапаншадан ату және гранаталар лақтыру үшін барлаушының соқпақ жолының элементтері бар мергендердің байқауын өткізу үшін даңғыл жолдың салынуы жоспарланған.

«Артиллериялық атыс шебері» байқауына әрбір мемлекеттен 21 адамнан құралған команда, оның ішінде 5 адамға дейін 3 минаатқыш есептобы қатысады. Байқауды өткізу үшін әр командаға көп нысаналы жеңіл броньдалған тартқыш, минаатқыштар, автоматтар және гранаатқыштар ұсынылатын болады.

«Мерген шебі» байқауына әрбір мемлекеттен 7 адамнан тұратын команда, оның ішінде 3 мергендік жұп қатысады.

Байқауды өткізу үшін әр командаға оптикалық көздеуіші және «Аселсан» түнгі көздеуіші бар Драгуновтың мергендік винтовкалары ұсынылады.

Өткен жылы алғашқы «АрМИ-2015» Армия халықаралық ойындары өткенін естеріңізге сала кетейік. Аталмыш жарысқа әлемнің 17 елі қатысты. Қазақстанның Қарулы Күштері үш конкурсқа, яки, әскери теңізшілер мен теңіз жаяу әскерлері - «Каспий теңізіне», әскери ұшқыштар – «Авиадартсқа», танкішілер – «Танк биатлонына» қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері «Авиадартс» пен «Каспий теңізінде» екінші орынды және «Танк биатлонында» төртінші орынды қанжығалады.


Следите за новостями zakon.kz в: