Атырауда мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, Қазақстанның Халық жазушысы, ақын Фариза Оңғарсыноваға ескерткіш орнатылды, -деп хабарлайды 24.kz арнасы.
Ол өз тұстастары арасында өршіл рухты жырымен, сыршыл лирикасымен классиктердің қатарынан ойып тұрып орын алған қаламгер. Поэзия падишасының құрметіне арналған биіктігі 9 метрге жуық алып мүсін Атырау қаласының орталық көшесіне қойылды.
Салтанатқа қала жұртшылығы мен зиялы қауым өкілдері және Фаризанның жырларын жанына серік етіп өсіп келе жатқан жас буын қатысты. Көпшілік ақынның жалынды жырларын оқып, ескерткішке гүл қойды.
«Асау ғасыр іріні үгіп демің, Бастағанда сөнеді үміттерім. Мен тілеймін күңкіл мен ұсақтықтан, Сақтағай деп қазақтың жігіттерін деген өлеңінің өзі күңкіл мен пасықтықтан даланың жігіттерін қорғау. Міне, Фариза өлеңінің мазмұны осы. Осы мазмұнда ол мәңгілікпен қазақпен бірге жасай береді», - дейді Ф.Оңғарсынованың шәкірті, ақын Гүлзада Ниетқалиева.
Фото: bnews.kz