Токиода (Жапония) 12 наурызда кәсіби ММА турнирі өтеді, оның аясында «Alem Fighters» клубының қазақстандық спортшысы Нұрберген Шәріпов өзінің бесінші айқасын өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның қарсыласы 11 жекпе-жек өткізген (9-ы жеңіспен аяқталған) Шо Коган болмақ.
Бастапқыда Шәріповтың қарсыласы жапондық Дайсаку Танака болуы тиіс еді, алайда ол белгісіз себептермен айқастан бас тартты.
Қазақстандық спортшы 4 кәсіби кездесуін жеңіспен аяқтаған.
Фото:azh.kz