Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын жауып, тұман, көктайғақ, бұрқасын мен жел күтіледі, деп хабарлайды «Қазақстан» ҰТА, ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінің берген мәліметіне сүйеніп.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің күші 18-23, екпіні 28 м/с болады.
Ақтобе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болып, жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл, Қарғанды облыстарының кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, түнде жел 15-20 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, түнде және таңертең тұман болады.
Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Атырау облысының кей жерлерінде тұман,көктайғақ болады. Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман байқалады.
Ақмола облысының күндіз кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі.
Фото: alashainasy.kz