Испания полициясы бірнеше адамнан тұратын қылмыстық топты қолға түсірді. Олардың барлығы Қытай азаматтары екен, деп хабарлайды 24.kz арнасы.
Қылмыскерлер 200 мың еуроны темекі қораптарына жасырып, Мадридтен алып ұшпақ болған. Жалпы бұл қылмыстың бетінің ашылуына Мадридтің аудандарының бірінде тұратын кәмелетке толмаған қытай қызының жоғалуы себеп болған.
Полиция оны қаладағы караоке айтатын дәмхананың бірінен тауыпты. Әрі қарай қазбалаған тәртіп сақшылары бұл дәмхана иесі мен оның үзеңгілестерінің қомақты қаржыны шетелге шығарумен айналысатынын анықтады.
Олар Мадрид әуежайының шекаралық бақылауынан өте берген кезде тұтылды. Сөйтсе, қытайлар темекі қораптарының түбіне 50 еуро мен 500 еуролық банкноталарды мұқият жасырып, шетелге ұшпақ болған екен. Полиция бұл қылмыстық топтың жалған ақша жасауға да қатысы бар болуын мәлімдеді.
Г.Абилова
Фото:www.trud.ru