Елбасы Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығында болды

Мемлекет басшысы өнер мен мәдениет залын, кітапхананы және мемориалдық кабинетті қарап көрді.

Нұрсұлтан Назарбаев облыстың шығармашыл зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Қазақстан Президенті әлемдік экономиканың жаңаруына ғылыми жетістіктер мен инновациялар негіз болатынын атап өтті, деп хабарлайды zakon.kz, Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Біздер және жас ұрпақ мүлде басқа құрылымдағы экономиканың куәгері болатын боламыз. Бұған ең алдымен білім арқылы дайындалуымыз керек. Балалардың бойына мектеп орындығынан бастап инновациялық тұрғыдан ойлау қасиетін дарыту керек. Болашақта бүгінгі мамандықтарға қажеттілік азаяды. Өйткені, қазіргі заманда ғылым өте жылдам дамып жатыр. Қазір басқа сипаттағы білім қажет. Балалардың еркіндігі мен шығармашылығына көбірек мүмкіндік беріп, белсенді ойлау қабілетіне қолдау көрсету керек, – деді Мемлекет басшысы.

Шығармашыл зиялы қауым өкілдері Нұрсұлтан Назарбаевқа жүргізіп отырған татулық пен келісім саясаты үшін, елдің түрлі этностарының мәдениеті мен дәстүрлерін сақтауға қажетті жағдай жасалғаны үшін алғыс айтты.

Шығармашылық үйі әдеби-шығармашылық сипаттағы кездесулер мен концерттерді, бейнелеу өнері туындыларының көрмесін, облыстың жазушылары мен ақындары шығармаларының кітапханасын ұйымдастыру сияқты түрлі шаралар өткізуге арналған.

Фото: аkorda.kz


Следите за новостями zakon.kz в: