Қорғасын, алюминий, мыс бағасы өсті

Жыл басынан бері өндірушілер бағасы мұнайға 17 пайызға төмендесе, бензин мен мазутқа 3,2 пайыздан қысқарды.

Қорғасын, алюминий, мыс бағасы өсті. Алғашқы екі айда өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасы 6 пайызға төмендеді, деп хабарлайды Алматы телеарнасы.

Кен өндіру өнеркәсібінде көрсеткіш 13,5 пайызға азайды. Керісінше, өңдеу өнеркәсібінде 4 пайызға жоғарылады. Өндірілген өнімге баға шамамен 7 пайызға төмендеді, өндірістік сипаттағы қызметтерге 1,6 пайызға көтерілді.

Жыл басынан бері өндірушілер бағасы мұнайға 17 пайызға төмендесе, бензин мен мазутқа 3,2 пайыздан қысқарды. Бағаның қорғасынға, асыл металдарға, алюминийге, мысқа көтерілгені байқалды.

Фото: almaty.vsesdelki.kz

Актау Актобе Алматы Кызылорда Нур-Султан Семей
Следите за новостями zakon.kz в: