«Қазақстанда 1998 жылдан балаларға туылған күннен бастап (1 жасқа дейін 3 мөлшерден), медициналық қызметкерлер мен қан ауыстыруды қабылдаған адамдар үшін «В» гепатитіне қарсы вакциналау енгізілген болатын. Қабылданған шаралардың нәтижесінде «В» жіті жұқпалы гепатитімен сырқаттану 19,8 есеге (2005 жылғы 100 мың тұрғынға шаққанда 65,6 көрсеткіштен 2015 жылы 3,3-ке) азайды», - деп хабарлайды zakon.kz, primeminister.kz таратқан ақпаратқа сүйеніп.
ҚР ДСӘДМ-де айтып өйткендей, 2011 жылдан бастап «В» және «С» созылмалы гепатиттерімен ауыратын азаматтар республикалық бюджеттің есебінен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында вирусқа қарсы терапия қабылдап келеді. 2011 және 2015 жылдар аралығында вирусқа қарсы терапияға 15 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді (балаларды емдеуге – 2,05 млрд.теңге, ересек азаматтарды емдеуге – 12,9 теңге).
Созылмалы вирустық гепатиттермен ауыратын пациенттерді тексеру мен емдеу 16 гепатологиялық орталықта жүргізіледі. 2013 жылы ҚР ДСӘДМ барлық гепотологиялық орталықтарды вирустық гепатиттің ауырлық деңгейін анықтау үшін (фиброз деңгейі) бауырды фиброскандау құрылғыларымен жабдықтады.
Естеріңізге сала кетейік, «В» және «С» вирусты гепатиттері Әлеуметтік мәні бар және қоршаған ортаға қауіп төндіретін аурулар тізіміне жатады. Тізімге сай «В» және «С» вирусты гепатиттерін тексеру мен емдеу тегін жүргізіледі.
Ауруды анықтау және індеттің таралу қаупін азайту мақсатында азаматтарды стационарларға госпитализациялау кезінде (жоспарлы ота жасау кезінде; гемодиализ, гемотология, онкология, трансплантация, жүрек-қантамыр және өкпе хирургиялары бөлімдері мен орталықтарының пациенттеріне) және медициналық қызметкерлерді «В» және «С» жүқпалы вирустарының маркерлеріне тексеру жүргізіледі.
Вирустық гепатитпен сырқаттанған адамдарға көрсетілетін медициналық көмекті жетілдіру мақсатында ҚР ДСӘДМ халықаралық хаттамаларға сәйкес емдеу мен диагностикалаудың жаңа технологияларын енгізуде; алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарындағы гастроэнтерологтар мен инфекционистерді диагностикалау, емдеу және алдын алу мәселелері бойынша оқыту жүргізілуде; вирусқа қарсы жаңа буын заманауи препараттарды тіркеу мәселелері қарастырылуда; медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша заңнамалық база жетілдіруде.
Фото:vashaginekologiya.ru