Алматыда 130 мемлекеттік қызметкер жемқорлық дерегімен заң қырына іліккен

Алматыда құлқыны кең 130 мемлекеттік қызметкер жемқорлық дерегімен заң қырына ілігіп, қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Бұл өткен жылдың есебі.

Қаржыны қарпып қалам, деп құрыққа түскен бұл адамдардан мемлекетке үш жарым миллиард теңге қайтарылған екен. Бұл туралы бүгін Алматы қалалық мемлекеттік кірістер департаментінде өткен семинарда айтылды, деп жазады Алматы телеарнасы.

«Мемлекеттік қызметтің жаңа моделі» атты семинар кеңеске тек мемлекеттік қызметкерлер қатысып жатыр. Мақсат - еңбеккерлердің сыбайлас жемқорлыққа баруына жол бермеу. Әрі бөлінген ақша жарты жолда жоғалып, кейін жемқорға іздеу салу емес, керісінше заңсыздықты болдырмау, алдын алу. Жалпы Алматы қаласында тікелей мемлекеттік қызмет болып саналатын департамент, басқармаларда алты мыңға жуық адам жұмыс істейді. Ал қаладағы мемлекеттік органдардың саны 80-нен асады.

«Кездейсоқ адам біздің мемлекеттік қызметкерелерге келмеу керек. Жұмыс тендр арқылы өтіп, сынақ мерзімі үш айға берілу тиіс. Өткен жылы жемқорлық туралы және еліміздің өзгеде заңнамаларын білу туралы бойынша азаматтардың 28 пайызы тестілеуден өтсе, биыл олардың саны әлі де арттыруы мүмкін. Жалпы жыл басынан бері жемқорлықпен күрес жөнінде 60-тан астам кездесу өткізіліпті», - деді МҚІМ Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Мақсатхан Анапин.

Фото:infopole.kz

Актау Актобе Алматы Кызылорда Нур-Султан Семей
Следите за новостями zakon.kz в: