Оңтүстікте газдан уланып, опық жегендердің қатары артпаса азаймай отыр. Әсіресе келеңсіз көрініс мереке күндері тіркелген, деп хабарлайды tvk-uko.kz.
Қайғылы жағдай көбіне қауіпсіздік талаптарының сақталмауынан туындаған. Мәселен: осы наурыз айының өзінде екі жағдай орын алып үлгерген.
Оның бірі Қазығұрт шағын ауданында болған. Яғни 1999 жылы туылған азамат моншада есінен танып, сол жерде көз жұмған. Мамандардың болжамынша газ қондырғысының дұрыс жұмыс істемеуі, кесірін тигізген.
Нұрсұлтан Тұрысбеков
Фото:otyrar.kz