Мешітке келгендердің жеке затын ұрлайтындар ұсталды

Жедел іздестіру шараларынан кейін 30 жастағы күдіктіден жоғалған екі телефон табылған.

Алматы облысында мешітке келушілердің жеке заттарын ұрлап, қолды қылатындар ұсталды, деп хабарлайды 31 арна.

Облыстың Балқаш ауданына қарасты Бірлік ауылының мешітінде намаз уақыты кезінде келушілердің қалтасынан ұялы телефондарды ұрлаған күдікті әйел тұтқындалды.

Жедел іздестіру шараларынан кейін 30 жастағы күдіктіден жоғалған екі телефон табылған.

Дәл осындай келеңсіз жағдай 2015 жылы желтоқсан айында Талдықорғанның мешітінде болған. Ол кезде жұма намазға келген азамат аяқ кииім ұрлаған. Бір қызығы аяқ киім таңдаy сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Күдікті кіреберісте телефонмен сөйлескен болып жүріп алады.

Санаулы минуттарда ұнағанын тауып, киіп кете берген. Іздестіру шаралары ұзаққа созылмай аяқ киім ұрлаған азамат табылып, өз кінәсін мойындайды. Шығынын өтейді. Медиациялық тәртіпке сәйкес айыптаушы айыпталушыны кешіріп, ол қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.

Фото: www.uralskweek.kz

Актау Актобе Алматинская область Алматы Кызылорда Нур-Султан Семей
Следите за новостями zakon.kz в: