«Алтынемел» ұлттық паркінде Пржевальский жылқыларының саны артпақ

Бұл жобаны іске асыру бағытында Қазақстанның қолайлы өңірлері зерттеліп, айқындалды.

Алматы облысындағы «Алтынемел» ұлттық мемлекеттік табиғи саябағында Пржевальский жылқыларының саны көбейтіледі. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Қазақстандық ұлттық географиялық қоғамы директорының ғылыми және халықаралық жобалар жөніндегі орынбасары Сәулет Сәкенов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның сөзіне қарағанда, бұл ұлттық бағдарлама Қазақстанның биоәралуандылықты сақтау қауымдастығымен бірлесе жүзеге асырылуда. Осы орайда бұл жобаны іске асыру бағытында Қазақстанның қолайлы өңірлері зерттеліп, айқындалды.

«Қауымдастықпен бірлесе жылқылардың бейімделуіне қолайлы арнайы орынды құрдық, яғни бұл тұрғыда «Алтын дала» ұлттық паркі іріктеліп алынды. Біз «Алтынемел» ұлттық паркін зерттеудеміз. Ол жерде бірнеше жылқы жыйылып жүр. Осындағы зерттеулер парк аумағына болашақта барынша көбірек жылқыны жіберуге негізделген. Қазіргі кезде осы нәтижелер қаралып жатыр және оның қорытындысын ағымдағы айдың аяғында немесе алдағы айдың басында алатын боламыз», - деді С. Сәрсенев.

Руслан Ғаббасов

Фото:www.znanijamira.ru

Актау Актобе Алматы Кызылорда Нур-Султан Семей
Следите за новостями zakon.kz в: