Қазақстандықтар үшін Еуропаға визалық тәртіп жеңілдейді

Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко мәлімдеді

Қазақстандықтар үшін Еуропаға визалық тәртіп жеңілдетіледі. Қазір Қазақстан мен Еуропалық одақ өкілдері нарықтық экономикадағы еліміздің мәртебесі туралы келіссөздер жүргізуде. Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко мәлімдеді, деп хабарлайды almaty.tv.kz.

Мәлімет бойынша қос тарап экономика, инвестиция, энергетика, қоршаған ортаны қорғау, жаңа технологиялар және екі жақты сауданы дамыту салалары бойынша өзара әріптестікті нығайтуға келісім жасалды. Айта кетейік, Еуроодақ үлесіне Қазақстанның сыртқы сауда айналымының 51,4 пайызы тиесілі. Былтыр қос тарап арасында 31 милилард доллардың тауары айналды.

Фото: peopleandcountries.com

Следите за новостями zakon.kz в: