БҚО-дағы өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін

БҚО аумағындағы өзендерде су деңгейінің жоғарылауы 17-27 наурыз аралығына дөп келеді деп болжанып отыр.

БҚО аумағындағы өзендерде су деңгейінің жоғарылауы 17-27 наурыз аралығына дөп келеді деп болжанып отыр. Оның ең жоғарғы мөлшері 2 сәуірде шырқау шегіне жетпек. Әзірге өңірдегі 200-ге тарта өзен-көлдің ешқайсысы да ери қойған жоқ, деп хабарлайды 24.kz.

Мәселен, Жайықтағы мұздың қалыңдығы 16 см, ал Шаған мен Деркөл және кіші өзендерде 30 см шамасында болып отыр. Биыл облыс аумағына ылғал мол түсті. Қазір кей жерлерде қалыңдығы 13 см қар жатыр. Тасқын негізінен Жайық, Шаған және Қарөзен мен Сарыөзен секілді ірі трансшекаралық өзендердің бойында және ел аумағынан тыс жерлерде болуы мүмкін. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстар ресейлік әріптестермен жедел ақпарат алмасып, тығыз байланыста жүргізілуі керек. Жалпы тасқын қаупі туындаған жағдайда апаттың бетін қайтаруға 490 млн теңге көлемінде қаржы қаралып отыр.

«Су тасқынына жұмылдыратын күштердің, құралдардың дайындығы наурыз айының басында өткен «Көктем-2016» командалық-штабтық жаттығу барысында тексерілді. Біздің департамент бөлімшелерінен 5 мобильдік топ құрылды. Барлық су тасқынына қауіпті аймақтар бақылауға алынып, күш құралдары соған бекітілді. Мұз жару жұмысына келісімшарт жасалды. Ол өз деңгейінде қажетіне қарай жүргізілетін болады», дейді облыстық ТЖД алдын алу бөлімінің басшысы Марс Отаров.

Фото: ptzgovorit.ru

Следите за новостями zakon.kz в: