Павлодарлық ұстаз Ресейде «Алтын қанат» төс белгісімен марапатталды

Павлодар облысы Железин ауданы Озерный мектебінің химия және биология пәні мұғалімі Аманжол Исабеков «Алтын қанат» төс белгісіне ие болды.

Ресей Федерациясының Мәскеу қаласында «Жаңа технологиялар және педагогикалық тәжірибе» тақырыбында өткен ғылыми-тәжірибелік конференциясының қорытындысы бойынша ҚР Павлодар облысы Железин ауданы Озерный мектебінің химия және биология пәні мұғалімі Аманжол Исабеков «Алтын қанат» төс белгісіне ие болды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық білім беру басқармасы ұсынған ақпаратқа сүйенсек, Аманжол Исабековтың «Биология және химия сабақтарында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану» баяндамасын Ақтөбе қаласының Халықаралық экология және инженерия академиясы Мәскеу қаласына ғылыми-тәжірибелік конференцияға жіберген.

«Конференция ғылыми мақалалар жинағын жариялаумен жылына 1 рет өткізіледі. Шараға шығармашылық,зерттеу жұмысымен айналысатын Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының жалпы білім беру мектептерінің, колледждер мен жоғары оқу орындарының 100-ден астам мұғалімі қатысты», - дейді А. Исабеков.

Фото:ru.123rf.com

Следите за новостями zakon.kz в: