Нью-Йорктегі БҰҰ штаб-пәтерінде Әйелдер мәртебесі жөнінен комиссияның 60-сессиясы жұмысын бастады. Күн тәртібіндегі басты тақырып гендерлік теңдік, әйелдер құқығын қорғау және олардың мүмкіндіктерін арттыру жөнінен 2030 жылға дейін Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу болды. Форумның ашылуы барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова сөз сөйледі, деп хабарлайды 24.kz арнасы.
Г.Әбдіқалықова сессияға қатысушыларға елімізде қабылданған Гендерлік теңдік стратегиясы туралы баяндап, әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту жөнінен бірлескен жұмыс бойынша жаңа бастамаларды ұсынды.
М.Әбдірақманова, Г.Абилова
Фото:24.kz