«Жоспарға сәйкес қауіп-қатер төнуі мүмкін аймақтар анықталған, әр елді мекенге, халық санына байланысты нақты эвакуациялық бекеттер анықталған. Барлығы әзірленген, әкімдіктер жұмыс жасауда, мұның бәрі командалық-штабтық оқу-жаттығу барысында жүргізілді», - деді В.Беккер. Сонымен қатар, ол еліміздегі 807 елді мекенге су тасқыны кезінде қауіп төнуі мүмкін екенін айтып өтті, деп хабарлайды zakon.kz, primeminister.kz берген ақпаратқа сілтеме жасап.
«Қазгидрометтің мәліметінше ағымдағы жылы наурыз айының басындағы жағдай бойынша қ Қазақстанның солтүстігінде, орталығында және шығысында ардың үлкен көлемі жиналған. Осыған байланысты Шығыс Қазақстан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Қостанай облыстарында жағымсыз жағдай қалыптасуы мүмкін. Алайда, бұл өңірлерде қатты су тасқыны болады деген сөз емес. Ол көктемгі уақыттағы температураға байланысты болмақ», - деп түсіндірді Комитет басшысы.
Оның мәліметінше, жазық аумақтағы өзендердегі көктемгі селдің басталуы батыста наурыздың 20-сына қарай, еліміздің орталығы мен солтүстігінде - наурыздың аяғында және сәуірдің басында күтілуде. Оңтүстік және оңтүстік-шығыстағы тауларда қар салыстырмалы түрде көп емес.
Ведомствода мәлімдегендей, ағымдағы жылы тұрғын үйлердің су астында қалуын болдырмау үшін жергілікті атқарушы органдар елді мекендерден 9-дан астам миллион текше метр қар шығарды, қарды шығару жұмыстары әлі де жалғасуда.
2016 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындалу мақсатында халық пен аумақты инженерлік қорғау үшін 90-нан астам шақырым қорғау бөгеті салынды, 455 шақырым қолданыстағы қорғау бөгетіне жөндеу жұмыстары жүргізілді, 180-ге жуық шақырым тасқын қауіпті өзен арналарында жаға бекіту және түбін тереңдету жұмыстары жүргізілді.
Оқу-жаттығу барысында құрамында жеке құрамнан 141650 адам және 17 мыңнан астам бірлік арнайы техника бар апаттық-құтқару қызметтерінің 10 мыңнан астам құрамасы бағыты бойынша іс-қимыл жасау үшін әзірлікке келтірілді.
Фото:zko-emer.gov.kz