Ақтөбе станциясындағы Ішкі істер желілік басқармасына Ақтөбе қаласының екі тұрғыны шағымданып келді. Олардың айтуынша «Алматы-Мәскеу» бағытындағы жолаушылар пойызының вагондардың бірінің тамбурында, ұлты азияттық белгісіз үш тұлға олардың 117 000 теңге ақшасы мен ұялы телефонын ашық түрде тонап кеткен, деп хабарлайды zakon.kz.
Ақтөбе ст. Ішкі істер желілік басқармасының криминалдық полициясы мен Көліктегі ІІД пойыздарға ілесіп жүру батальонының қызметккерлері бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының барысында ізін суытпай үш азаматты ұстады. Олардың барлығы Ақтөбе облысы Шалқар қаласының тұрғындары болып шықты.
Күдіктілер аталған қылмысқа қатысы бар екендерін мойындады. Көлік полицейлері олардан ұрланған заттарды түгелдей тәркілеп алды.
Ашық түрде өзгенің мүлкін тонаған күдіктілер полиция бөлімшісіне жеткізілді. Қазіргі уақытта оларға қатысты ҚР ҚК 191 бабы 2 тармағы (тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Фото:e-kyzylorda.gov.kz