Тұтынушылыр құқығын қорғау департаментінің мәлімдеуінше қансорғыш жәндіктер орман-тоғай мен саябақтарда ғана емес, қаланың кез-келген жерінде болуы мүмкін. Сондықтан қарапайым сақтық шараларын ұмытпаған жөн, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Жабық киініп, бас киіммен жүрген абзал. Ал табиғат аясына шыққанда әрбір 2 сағат сайын денені тексеріп, кене шаққан жағдайда жақын жердегі емханаға бару қажет. Әзірге санаулы адам ғана кене шақты деп дәрігерлерге қаралыпты. Құдай сақтап, олардың қатарында энцефалитті жұқтырған жан жоқ. Ал мерзімінен бұрын оянған қансорғыштарға қарсы залалсыздандыру жұмыстарын маусымынан бұрын бастау мүмкін емес екен.
«Жауын-шашынның болуына байланысты бұл өңдеу жұмыстары келесі айға қалдырылады, сәуір айында басталады. Қала тұрғындары ыңғайлы киімдер киюі керек, денеге жабысып тұратын жабық киімдер. Әсіресе, ол киімдердің түсі ашық болуы керек. жабысқан кененің көрініп тұруы үшін», - дейді Алматы қалалық тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің бас маманы Бибігүл Нұрғалиева.
Олжас Байжан
Фото: www.aif.ru