Түлкібастық азаматтар 6 кг жуық есірткі затымен қолға түсті

Тергеп-тексеру кезінде күдіктінің бірінің үйінен де салмағы 5 кг құрайтын марихуанаға ұқсас зат табылған.

Полицейлер есірткі сатумен айналысты деген күдікпен қылмыстық топты құрықтады, деп хабарлайды tvk-uko.kz.

ОҚО ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Түлкібас ауданда күдікті көрінген «Ваз-21099» маркалы көлігін тоқтатады. Тінту барысында көліктен полителенді пакетке оралған есірткіге ұқсас салмағы 500 гр құрайтын зат табылған. 53, 49 және 35 жас аралығындағы азаматтар.

Тергеп-тексеру кезінде күдіктінің бірінің үйінен де салмағы 5 кг құрайтын марихуанаға ұқсас зат табылған. Сондай-ақ, бұл іске 48 жастағы әйелінің де қатысы бары анықталған. Қылмыстық сотының сараптамалық жұмысының қорытындысы бойынша тәркіленген заттар есірткі заты екені дәлелденген.

Қанат Байсов

Фото:krasnok.ru

Следите за новостями zakon.kz в: