Мемлекет басшысы күрес түрлері бойынша Азияның Олимпиадалық біліктілік турнирін өткізу мақсатымен Астанаға келген Н.Лаловичтің сапарына ризашылық білдірді, деп хабарлайды zakon.kz, Ақорданың баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйеніп.
Күрес – қазақтар үшін тарихи спорт түрі. Біздің елде ежелден-ақ балуандар күресінсіз бірде бір мереке өтпеген. Бүгінде мемлекет спорттың осы түрін жастар арасында танымал ету үшін зор күш-жігер жұмсап отыр, соның арқасында Қазақстан халықаралық аренада жоғары нәтижелерге қол жеткізді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
«Біріккен күрес әлемі» халықаралық федерациясының президенті Астанада өтетін турнирді ұйымдастыруға қолдау көрсетілгені үшін алғыс айтты.
Сондай-ақ кездесу барысында Н.Лалович Нұрсұлтан Назарбаевқа «Біріккен күрес әлемі» халықаралық федерациясының құрмет орденін тапсырды.
Фото:akorda.kz