Мексика астанасы Мехикода ауаның құрамында зиянды заттардың шектен тыс артып кетуіне байланысты енгізілген төтенше жағдай тәртібі күшін жойды. Қазір мұндағы экологиялық жағдай қатаң бақылауда тұр, деп хабарлайды 24.kz арнасы.
Еске сала кетейік, 4 күн бұрын соңғы 14 жылдан бері ел астанасында алғаш рет төтенше жағдай жарияланған еді. Өйткені ауада тропосфералы озон мөлшері шамадан тыс көбейіп кеткен болатын. Билік шұғыл шара қолданып, бірден көлік қозғалысына шектеу қойды. Сондай-ақ жағдай оңалғанша бас қалада және онымен қапталдас аудандарда жөндеу жұмыстарын жүргізуге де қатаң тыйым салынды.
Фото:www.intergid.ru