Ақмола облысының халқы:өз қалауымызды таңдаймыз

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі үшін партияларға, ал жергілікті мәслихат депутаттары үшін ең таңдаулы үміткерлерге дауыс береміз.
Сайлау науқаны Қазақстан азаматтарының Конституциялық құқықтарын айқындайды. Бұл Степногорск қалалық ардагерлер Кеңесінің мүшесі Тоқтамыс Сағиевтің сөзі, деп жазады zakon.kz.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі үшін партияларға, ал жергілікті мәслихат депутаттары үшін ең таңдаулы үміткерлерге дауыс береміз. Дер кезінде өткелі отырған сайлау науқаны ел болашағының жарқындығына кепіл бола алады,- дейді Т.Сағиев.

Степногорск қаласы шағын шаһар есебінде өркендеп келеді. Республикалық бюджеттен қомақты қаражаттар бөлініп, жол, су жүйелері жаңғырып жатыр. Тұрғын үй саласында да ілгерілеушілік байқалады. Аулаларымыз қалпына келе бастады. Әлеуметтік нысандарды күрделі жөндеу жалғасын табуда.

Жексенбі күні сайлау науқанында әркім өз жүрек қалауымен дауыс береді. Демократияның айқын көрінісі бізді алға бастап, болашаққа деген сенімімізді арттырады, деп ойын жеткізді Степногорск қалалық ардагерлер Кеңесінің мүшесі Тоқтамыс Сағиев.

Фото:news.ru

Следите за новостями zakon.kz в: