Еліміздің басым бөлігінде күн құбылмалы

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағымдардың өтуінен ауа райы жауын-шашынды болады.

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағымдардың өтуінен ауа райы жауын-шашынды, тұман, көктайғақ, жел күшейеді деп күтілуде, солтүстікте бұрқасындатады. Ал оңтүстік-батыста және шығыста күн ашық, деп хабарлайды BNews.kz.

Қазгидрометтің мәліметінше, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Алматы облысының Жаланашкөл ауданында жел 18-23, екпіні 28 м/с күшейеді.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей аудандарында – тұман, көктайғақ, бұрқасын, жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды облысында күндіз кей жерлерде көктайғақ болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының кей бөліктерінде – тұман, жел 15-23 м/с күшейеді деп болжануда. Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшеймек.

Фото: www.1news.az

Актау Актобе Алматы Кызылорда Нур-Султан Семей
Следите за новостями zakon.kz в: