Қазақ-орыс халықаралық университетінде өткен үлкен шараға Ақтөбе облысында тұратын түрлі ұлт өкілдерінің жастары қатысты, деп хабарлайды zakon.kz.
Фестивальді таяуда Ақтөбе қаласы ішкі істер бөлімі жанынан құрылған "Ақтөбе жастары" КМК ұйымдастырды. Оның белсенді өкілдері тәрбие мен бірлік сезімі өскелең ұрпақтың бойында тәуелсіз Қазақстанның басты мемлекеттік саясатын бекіте түсетініне сенімді.
Облыстық жастар саясаты басқармасының жетекшісі Дариға Исмағамбетованың айтуына қарағанда, шараның басты мақсаты - "қазақстандықтар бір отбасы" идеясын насихаттау, сонымен бірге елде бейбітшілікті ұстап тұратын ұрпақты тәрбиелеу.
"100 қадам" Ұлт Жоспарына сәйкес, "Үлкен мемлекет - үлкен отбасы" 86 қадамы азаматтық қоғам қалыптастыруда қазақ ұлтының бірегейлігін көрсетеді.
Фестиваль аясында 11 экспозициядан тұратын Қазақстан тарихы мен мәдениетін, ұлттық киім үлгілері мен тағам түрлерін қамтитын халқы көрмесі ұйымдастырылды. "Достық Конвейері" атты дөңгелек үстелдің қатысушылары халықтар арасындағы қарым-қаынасты одан дамыту барысын талқылап, Қазақстан Халқы жастар ассамблеясын құру туралы шешімге келді. Фестиваль қатысушылары "Көшбасшы жолы" фильмінен үзінді тамашалады.
Шара соңында флешмоб ұйымдастырылып, барлығы Достық биі мен Жастар әнұранын орындады.