ҚР ОСК 6-шы шақырылым депутаттарына куәліктерін табыс етті

Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті.

«Комиссия отырысы күнтәртібіне бір мәселе енгізіледі. Ол алтыншы шақырылатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын тіркеу туралы», - деді отырысты ашқан комисия төрағасы Қ.Тұрғанқұлов. Сонымен қатар ол «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 12, 45, 46, 97-1 және 98-баптарына сәйкес ҚР Орталық сайлау комиссиясының қаулысын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бірінші, алтыншы шақырылатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары тіркелсін. «Нұр Отан» партиясының партиялық тізімі бойынша - 84 депутат, Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» Демократиялық Партиясының партиялық тізімі бойынша - 7 депутат, Қазақстан Коммунистік Халық партиясының партиялық тізімі бойынша - 7 депутат, Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлаған 9 депутат. Екіншіден, тіркелген барлық депутаттарға Орталық сайлау комиссиясының отырысында тиісті куәліктер мен омырауға тағатын белгілер тапсырылсын. Үшінші осы ақпарат БАҚ-та жариялансын», - деді ол.

Марлан Жиембай

Фото: news.caravan.kz

Следите за новостями zakon.kz в: