Қазақстанда тұрғылықты халықтың табысы аздығынан ішкі көтерме және жекелеген сауда құлдырауға ұшырап отыр, деп жазады businessnews.kz.
Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, ел тұрғындардың нақты ақшалай табысы 2016 жылдың қаңтарына 3,5% төмендеген. Осыған орай, 2016 жылдың қаңтар-ақпанында жеке сауда көлемі айтарлықтай түсіп, 985 млрд. теңгені құраған. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 4,3% аз.
Дағдарыс 50 адамнан астам жұмыскері бар ірі кәсіпорындар үшін ауыр тиіп отыр. Ал жеке меншік иелері өздерін сенімдірек сезінеді. Жеке кәсіпкерлердің жекелеген саудасының көлемі (соның ішінде нарықта сауда жасайтындары) өткен жылдың қаңтар-ақпанымен салыстырғанда 3,1% төмендеген.
Айта кетейік, жекелеген сауданың жалпы көлемінде ең меншікті салмақ (30,4%), Астана (11,3%) мен Қарағанды облысы (9,3%).
ҚР ҰЭМ дерегінше, 2016 жылдың ақпанына тұтынушылық құн индексі, 2015 жылдың желтоқсанына қарағанда 102,5%.
Азық-түлік тауарлар құны 2,7%, азық-түлік емес – 1,8%, тұрғындарға ақылы қызмет – 2,8% қымбаттаған.
Ал сыртқы сауда көлемін екі ауыз сөзбен айтқанда «толықтай құлдырау» деуге болады. Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 2016 жылдың қаңтарында 4319,5 млн. АҚШ долларын құрса, 2015 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 42,3% түскен. Сондай-ақ, экспорт – 2752,8 млн. АҚШ доллары ( 42,6% кем), импорт 1566,7 млн. АҚШ доллары ( 41,6% кем).
Фото: www.millioner.kz