Брюссель қаласына келген Мемлекет басшысы «Мальбек» метро стансасында 22 наурызда болған террорлық акт құрбандарын еске алып, гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты, деп хабарлайды zakon.kz, Ақорданың баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйеніп.
Қазақстан Президенті осы рәсім аясында Брюссель астаналық өңірі Үкіметі басшысының орынбасары Г.Ванхенгельмен әңгімелесіп, қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты.
"Қазақстан терроризмнің кез келген көрінісін айыптайды және бельгия халқының қайғысына ортақтасады. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне, ал қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарының осы қасіреттен тезірек еңсе тіктеуіне тілектестігімді білдіремін", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Бельгияға сапар аясында сондай-ақ Қазақстан Президентінің Еуропалық кеңес төрағасы Д.Тускпен және Еуропалық комиссия төрағасы Ж.-К.Юнкермен кездесуі жоспарланып отыр.
Фото:аkorda.kz