Астанада екі есірткі сатушы ұзақ мерзімге сотталды, деп хабарлады ҚазАқпарат, елордалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме беріп.
Астана қаласының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты «П» мен «Ш» деген азаматтарға Қазақстан Республикасы ҚК 297 бабы 3 бөлігі бойынша (топпен жасалған аса ірі көлемде есірткі құралын сақтау) қылмыс жасады деп танып, он жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен қатар олардың жеке мүліктері тәркіленіп, жазаларын қатаң режимдегі колонияда өтейді.
Айта кетер жайт, 2015 жылдың қарашасында Астана қаласы ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы Астана қаласы бойынша ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесе отрып, елорда аумағына есірткіні жеткізу және тарату арналарының жолын кесуге бағытталған кешенді жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында «Рамстор» СО тұрағында 1982 жылы туылған «П» мен 1984 жылы туылған «Ш» қолға түскен. Олардың екеуі де қала тұрғындары, елордаға 40 келіге жуық «марихуана» есірткі затын жеткізіп, сатумен айналысқан.
Фото: kuban24.tv