Досаев:1 шілдеге дейін жер қойнауын пайдаланушылар аукцион арқылы 100 участок сатып алады

Е.Досаев австралиялық тәсілмен жер қойнауын пайдалануға 10 үлгілік келісімшарт жасалғанын атап өтті.

1 шілдеге дейін жер қойнауын пайдаланушылар аукцион арқылы 100 участок сатып ала алады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2015 жылғы желтоқсанда жаңа ресурстық база құру аясында оңайлатылған тәсіл бойынша аукциондар арқылы 38 учаске өткізілді және ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін сауда-саттыққа тағы да 100 учаске шығарылады», - деді министр.

Сонымен қатар, Е.Досаев австралиялық тәсілмен жер қойнауын пайдалануға 10 үлгілік келісімшарт жасалғанын атап өтті.

Марлан Жиембай

Фото:www.inform.kz

Следите за новостями zakon.kz в: