Отандық ғалымдар инновациялық технологияны дамытпақ ниетте

ІТ саласы дамыған мемлекеттер халықаралық Doing Business рейтингісінде көш бастап тұр.

Алматыда жиналған ғалымдар инновациялық технологияны дамытуды көздеп отыр, деп хабарлайды Алматы телеарнасы.

Шетелдік серіктестер мен кәсіпкерлермен бәсекеге қабілетті болу үшін инновациялық өндірісті дамыту қажет.

ІТ саласы дамыған мемлекеттер халықаралық Doing Business рейтингісінде көш бастап тұр. Дей тұрғанмен, көптеген кәсіпкер инновациялық технологиямен жасалған қазақстандық өнімдерді сатылымға шығарып, кәсібінің нәсібін көріп отырған жайы бар.

"Жасалған дүниелерді әлемдік нарыққа шығаруға біздің жоғары оқу орындарының шамасы жетеді. Бұдан бөлек, мемлекеттік және жеке секторларға мемлекет тарапынан гранттар бөлінсе, үлкен жетістікке жетер едік",- деді "Технологияларды коммерцияландыру орталығы" ЖШС директоры Әбділдә Шәменов.

Фото:blog.uni2biz.org

Актау Актобе Алматы Кызылорда Нур-Султан Семей
Следите за новостями zakon.kz в: