Ұлттық музей қорына Шығыс Қазақстан облысындағы қорғандардан табылған мыңғы жуық жәдігер өткізілді. Олардың көбі – органикалық заттар, деп хабарлайды 24.kz арнасы
Сондықтан жәдігерлермен жұмыс істеу асқан кәсіби шеберлікті талап етеді дейді мамандар. Күрделі реставрациядан өткен құнды бұйымдар енді көпшілік назарына ұсынылмақ. Ұлттық музейдегі «Өткен күнгі бейнелердің бүгінгі көрінісі» атты арнайы көрме де ұйымдастырылады. Археологтардың ерен еңбегінің арқасында ата-бабамыз пайдаланған ат әбзелдері, еңбек құралдары мен киім кешектері қайта өңделіп шықты.
Ақтоты Райымқұлова, «Қазқайтажаңғырту» РМҚ директоры:
2004 жылдан 2015 жылға дейін 119 тарихи және мәдени ескерткіштер қалпына келтірілді. Олардың бірқатары бүгінде туристер жиі келіп тұратын орындарға айналды. Оның ішінде Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, Арыстанбаб, Айша бибі, Шақпақ ата сияқты ескерткіштерді айтып кеткен жөн.
Фото: 24.kz