Финляндия тұрғындары жұмыспен қамтылғанына қарамастан айына 550 еуро алып тұрады

2016 жылы маусымда Швейцария да сөзсіз кіріс енгізу жөнінде референдум өткізбек.

Финляндия билігі 2017 жылы қаңтарда азаматтардың сөзсіз негізгі кірісі бойынша жоба бастамақ. Бұл туралы елдің әлеуметтік қамсыздандыру және денсаулық министрі Ханна Мянтюля мәлімдеді, деп хабарлады Росбалт.ру.

Екі жыл бойы еңбекке қабілетті 10 мың фин ай сайын жұмыспен қамтылуына қарамастан 550 еуродан алып тұрады. Бұл сома жұмыссыздық жәрдеміне тең, оған тамаққа, жеке гигиенаға, киімге жұмсалатын және басқа да күнделікті шығыстар шығыны кіреді, деп хабарлады Reuters.

«Бізге мұндай тәжірибелер қажет. Егер біз жағдайды жеңілдетпесек, Финн әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі үлкен проблемаларға тап болады», — деді Мянтюля.

Егер эксперимент ойдағыдай нәтиже берсе, сөзсіз кіріс Финляндияның әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне енгізіледі. 2015 жылы жарияланған жобаға сәйкес сөзсіз кіріс әлеуметтік жәрдемақылардың орнына қолданылады.

2016 жылы маусымда Швейцария да сөзсіз кіріс енгізу жөнінде референдум өткізбек.

Фото:prostoinvesticii.com

Следите за новостями zakon.kz в: