Тергеушілердің айтуынша, күдіктілер Алматы мен Қытай арасында жүк таситын жүргізушілерден ақша талап етіп отырған. Егер кімде-кім сұрағанын бермесе, қоқан-лоққы көрсетіп, өміріне қауіп төндіреді екен, деп хабарлайды "Қазақстанның бірінші арнасы".
Ал жүргізуші артық қаржы төлесе, қарақшылар шекара бекетін дейін жеткізіп салатын көрінеді. Межелі жерге дейін аман-сау жету құны 2 мың теңгеден басталған. Қазір осы іске қатысы бар деген 27 күдікті сот залында жауап беруде.
Бахтияр Аметов, зардап шегуші:
Все давали, и я тоже давал, ради своего спокойствия.
Алайда сот отырысында айыпталушы тараптың қорғаушысы тергеу кезінде бірнеше заңбұзушылық болғанын айтады.
Фото:mediasat.info