Екібастұзда екі балықшы құтқарылды

Демалыс күндері жедел құтқару жасағының қызметкерлері Усолка мөлтек ауданында өзеннен 63 жастағы ер азаматты құтқарған.

Екібастұздағы ГРЭС-2 су қоймасының аумағында суға батып кете жаздаған екі балықшы құтқарылды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің маманы Айгерім Құсайынова хабарлағандай, шақырту кеше таңғы алтыда келіп түскен.

«Құтқарушылар қайық арқылы балықшыларға жетіп, оларды аман алып қалды. Оларға дереу медициналық көмек көрсетілді», - деді А. Құсайынова.

Ведомство ұсынған ақпаратқа сүйенсек, демалыс күндері жедел құтқару жасағының қызметкерлері Усолка мөлтек ауданында өзеннен 63 жастағы ер азаматты құтқарған. Ол балық аулап отырған орында мұз ойылып кетіп, суға түсіп кеткен.

Фото:pavlodarnews.kz

Следите за новостями zakon.kz в: