Алматыда тәртіп сақшылары қоғамдық көліктердің қауіпсіздігін тексереді. 4-6 сәуір аралығында Алматыда "Автобус" шұғыл-профилактикалық шарасы өтеді, деп жазады Алматы телеарнасы.
Полиция жолаушылар тасымалымен шұғылданатын кәсіпорындарды және жеке кәсіпкерлік субъектілерін тексереді. Бұл туралы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Негізінен көліктердің техникалық ахуалына ден қойылмақ. Сондай-ақ жүргізушілердің жолда жүру ережесін сақтауы қатты қадағаланбақ.
Бірнеше рет ереже бұзған жүргізушіні білімін тексеру мақсатында қайтадан емтихан тапсыруға жібереді. Жол ережелері бойынша емтиханды екі ай мерзімде тапсырмаған жағдайда көлік жүргізушінің ісі сотқа жіберіледі.
Фото: news.ivest.kz